"Абай әлеміне саяхат"
17.10.2025
4 сынып оқушылары арасында "Абай әлеміне саяхат" атты әдеби-танымдық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын жас буынға таныту, оның өнегелі сөздері арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, тіл байлығы мен көркем оқу дағдыларын дамыту.
Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды:
- Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақ-жауап;
- Өлеңдерін жатқа айту немесе мәнерлеп оқу;
- Қара сөздерден үзінді талдау;
- Абайға арнау, шығармашылық жұмыстар (эссе, сурет, өлең).
Әділ қазылардың шешімі бойынша 4"Ә" сынып оқушылары 1 орынға, 4"Б" сынып оқушылары 2 орынға, 4"А" сынып оқушылары 3 орынға иеленді. Бұл іс-шара оқушылардың әдеби танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.
Просмотров: 2481