Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымы

Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының іс-шаралар жоспары 2026-2027 оқу жылы

Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы

 

Өзін –өзі  басқару  ұйымының

 

Мақсаты:Еліміздің  мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, Білім мен өнерге  құштар, елінің  тарихынмбілетін, тілін, дінін,  әдет ғұрп, салт- санасын қастерлейтін, еңбекқор  да, салауатты, адами құндылықтарбойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны  өзін- өзі басқарту  арқылы  қалыптастыру.

Міндеті: - Қазақстан  Республикасындағы  « Тәрбие жұмысының  кешенді  бағдарламасы  мен Үздіксіз білім беру жүйесінің  тәрбие  тұжарамдамасына»  сай жас жеткіншектерді Қазақстандық елжандылыққа  тәрбиелеу.

- өзін- өзі басқару ұйымының бағдарламасы  негізінде , сапалы білім саналы тәрбиенің жан- жақты  артуына оқушы, жастар ұйымының белсенділігі  арттыру;

-  жастар бірлестігінің бағыттарына  байланысты  ұйым белсенділерінің құқын, міндетін, жауапкершілігін  арттыру.

 Өзін –өзі  басқару жұмысында  табатын құндылықтар:

  1. Адами ар –ожданы, иманжүзді азамат қалыптасу
  2. Отбасындағы  жауапкершілік
  3. Отан, туған өлкеге құрмет
  4. Денсаулық, салауатты өмір
  5. Еңбек, экономика
  6. Білім , ғылым, өнер
  7. Мәдени мұра, құқық, тарих, шежіре
  8. Тіл шеберлігі, рухани байлық
  9. Достық, жолдастық, қатынас

Өзін- өзі  басқару ұйымының өткізген жұмыс жоспары бойынша "Менің ұстазым" тақырыбында жас блогер ,ұстаздардан және оқушылардан сұхбат алды.