Әскери-патриоттық "Жас сарбаз" үйірмесі

              

 «Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің  «Жас сарбаз» әскери патриоттық үйірмесінің құрылымы

     Әскери патриоттық клубқа мүше ретінде 10-11 сынып аралығындағы жалпы орта мектеп оқушылары тартылады. Үйірмеге жетекшілік ету қызметі АӘ және ТД оқытушы-ұйымдастырушыларына тікілей жаттығулар мен сабақтарды жүргізу міндеті директордың бұйрығымен жүктеледі. Үйірмеге қабылданбас бұрын тілек білдіруші оқушы медициналық комиссияның «денсаулығының жарамдылығы туралы» рұқсат қағазын әкелуі шарт. Сонымен қатар сабақ беруші АӘ және ТД жетекшісінің ұсынысымен қабылданады. Үйірме мүшелері толық анықталған соң үйірме мүшелері арасынан бөлімше командирі тағайындалады. Салтанатты жиында үйірме мүшелері үйірме жұмысына адал қызмет етуге ант береді.

Әскери - патриоттық "Жас сарбаз" үйірмесінің тәрбие бағытындағы жылдық жоспары 2026-2027 оқу жылы